Елордамыз Астана қаласында «ForteBank» АҚ және «Forte Kulanshi Art Space» заманауи өнер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның жас суретшілерінің ANAU-MYNAU сурет көрмесі ашылды.

ANAU-MYNAU — бұл жай ғана көрменің атауы ғана емес, бұл «осында және қазір» деген идеяны қазақстандық жас суретшілердің көзімен бейнелейтін ерекше жоба. ANAU-MYNAU — қазақ тілінде «бірде мұнда, бірде онда» немесе «бүкіл жерде» дегенді білдіретін кең таралған тіркес, және ол осы жобаның мәнін барынша жақсы көрсетеді. Бұл сөздер қозғалысты, ізденісті және әлемді түсінуге, өз орнын табуға және оны өнер арқылы көрсетуге ұмтылысты бейнелейді.
Жастар бейнелеу өнерінің алғашқы бейнналесіне еліміздің түкпір-түкпірінен кескіндеме және графика бағытында жұмыс істейтін 35 жарынды суретші қатысты. Олардың шығармашылық ізденістері заманауи қазақстандық өнердің ерекше келбетін қалыптастыратын тәсілдер мен техникалардың сан алуандығын айқын көрсетеді.Мұнда ұсынылған картиналар әртүрлі елдердің суретшілері кіретін халықаралық кураторлық кеңес арқылы таңдалды. Бұл көрме — дәстүр мен жаңашылдықты, жергілікті сюжеттер мен жаһандық сын-қателердің батыл диалогы.

«Forte Kulanshi Art Space» заманауи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махаттың айтуынша: «Аталмыш шара екі жылда бір рет өтіп тұратын болады. Бұл жас суретшілердің өзін-өзі көрсетіп, өз шығармашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Шараға қатысу үшін Қазақстаннның түкпір-түкпірінен жүзден аса тапсырыстар түсіп, реттеу барысында 35 ең үздік жұмыс таңдалып өтіп жатқан көрмеге қойылды».
ANAU-MYNAU жастар бейнелеу өнерінің бірінші биенналесі — бұл жас суретшілерді қолдау мен Қазақстанның көркемдік кеңістігін нығайтудағы маңызды қадам. Бұл платформа жаңа есімдерді таныстырып, шығармашылық диалог үшін қолайлы жағдай жасайды, батыл эксперименттер мен терең ойларға шабыт береді.
Ішкі туризмді дамыту бойынша эксперт, Астана Гидтер клубының мүшесі Алия Ахмалишева: «Kulanshi Өнер алаңы туристер арасында сұранысқа ие, ол әрдайым ашық және әрдайым жаңарып отырады, Forte Kulanshi Art Space жетекшісі Лейла Махат Астанамыз үшін баға жетпес жұмыс атқаруда, біз қала қонақтарын осында әкелуге тырысамыз, мұндай орындар адамдарды дамытады, шабыттандырады және шығармашылық серпін беріп, мәдениетімізді көтереді. ANAU-MYNAU — бұл өте керемет жоба, жас таланттарға қолдау көрсетеді. Қала қонақтары мен тұрғындарына айтарым, осындай көрмелерге барыңыз және сұлулықтан шабыт алыңыз» — демекпін.
Астана қаласының тұрғындарын, қонақтарын, барша өнерсүйер қауымды Достық 8/1, FORTE KULANSHI ART SPACE галереясында 17 қаңтар — 2 наурыз аралығында өтетін жас суретшілердің көрмесіне шақырамыз.














