Yestate Logo

Строители подарили квартиру многодетной маме

YouTube
1.6K просмотров
1 мая 2019 г.3:20
Құрылысшылар көп балалы анаға пәтер сыйлады Жыл сайын компания көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, BI Group қызметкерлері үшін баспанамен қамтамасыз етудің бағдарламасы бар, ол бойынша 3 жыл ішінде компанияның құрылысшыларына 215 жеңілдікті пәтер берілді. Қайырымдылық эстафетасы жалғасуда. Құрылысшылар Қостанай облысының тумасы Дариға Шампулова есімді көп балалы анаға Nova City тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтерді сыйға берді. Дариға диагнозына қарамастан, 4 бала тәрбиелеп отыр. Өкінішке орай, ауылда медициналық және білім беру қызметтері қолжетімді емес. Үлкен баласы Темірлан денсаулығына байланысты үйде оқуға мәжбүр. Үш баласы, бақытымызға орай, дендері сау, мектеп жасына толмаған, оларға Дариғаның анасы қолынан келгенше көмектесуде, ол да күтімді қажет ететін тағы бір қыз тәрбиелеп отыр. Жалпы, анасы Рыскүл мен қызы Дариға екеуі 5 баланы бағып отыр. Тұрғылықты тіркелусіз жұмыс табу қиын, ал тұрғын үйге кезекке тұруға мүмкіндіктері жоқ. Анасы Рыскүл ғана жұмыс істегенімен, тапқан-таянғаны «времянка» мен көмірге төлеуге кетеді. Енді Шампуловтар жанұясының барлық қиындықтары артта қалды, жақын арада пәтердің жөндеу жұмыстары аяқталып, көп балалы отбасы су жаңа пәтерге көшеді, балалардың дендері әрдайым сау болып, аналарымен бірге бақытты да қызықты ғұмыр кешсін деп тілейміз! Ежегодно компания помогает многодетным и малоимущим семьям, детям с особыми потребностями и оставшимся без попечения родителей. Также есть внутренняя Программа обеспечения жильем для сотрудников BI Group, по которой за 3 года выдано 215 льготных квартир строителям компании. Эстафета добра продолжается. Строители передали в дар 2-хкомнатную квартиру в ЖК Nova City Дариге Шампуловой, маме с особыми потребностями из Костанайской области. Дарига, несмотря на диагноз, стала мамой 4-х детей. К сожалению, в селе медицинские и образовательные услуги, в которых нуждаются она и дети, не доступны. Старший ребенок Темирлан из-за проблем со здоровьем проходит обучение на дому. Трое дошколят, к счастью, здоровы, в их воспитании помощь Дариге оказывает мама, которая в свою очередь воспитывает еще одну дочь, нуждающуюся в уходе. В общем, мама Рыскуль с дочерью Даригой на двоих воспитывают 5-х детей. Без прописки получить работу сложно, как и встать в очередь на жилье - замкнутый круг. Ситуацию спасает мама Рыскуль, берясь за любую работу, чтобы оплатить съемную времянку и уголь. Теперь все трудности у Шампуловых позади, совсем скоро после завершения чистовой отделки мамы с детьми переедут в новую светлую квартиру, где они обязательно будут здоровы и счастливы! #BIGroup #ЭстафетаДобра

Комментарии (0)

Загрузка комментариев...