Құрылысшы күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құрылысшы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс саласы — кез келген орнықты дамудың іргетасы. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің және жоғары жауапкершіліктеріңіздің арқасында еліміздің инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналған ауқымды жобаларды табысты жүзеге асырып келеміз. Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесімізді зор мақтанышпен атап өтеміз. Біз мектептер мен медициналық мекемелерді, іскерлік орталықтар мен өндірістік нысандарды, көлік жолайрықтарын салып, өңірлердің жаңғыруына және азаматтарымыздың өмір сүру сапасының артуына ықпал етіп келеміз.
2025 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл — елдің бүгінгі келбетін қалыптастырып жатқан мыңдаған маманның еңбегіне берілген жоғары баға.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жан-тәндеріңізбен беріліп атқаратын еңбектеріңіз және үнемі жетілуге деген ұмтылыстарыңыз зор құрметке лайық. Құрылыс саласының дамуына қосқан үлестеріңіз баға жетпес.
Әр жаңа жоба сіздерге шабыт беріп, нәтижесіне мақтаныш пен ертеңгі күнге сенім сыйласын. Сіздерге зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
"BCN Group" ЖШС президенті
Бауыржан Уәли






Комментарии (0)